10 қыркүйек 2015 13:44

Қазақстанда үлескерлердің проблемасы 2016 жылы шешіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Үйлері өткен дағдарыстан бері салынып бітпеген қазақстандық үлескерлер мәселесінің 2016 жылы шешілетініне сөз берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада тұрғын үй инфрақұрылымы талқыланған брифинг өтіп, онда ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев сөз сөйледі.


Үйлері өткен дағдарыстан бері салынып бітпеген қазақстандық үлескерлер мәселесінің 2016 жылы шешілетініне сөз берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада тұрғын үй инфрақұрылымы талқыланған брифинг өтіп, онда ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев сөз сөйледі.

Үлескерлік құрылыс мәселелері туралы сұрақтарға жауап берген вице-министр ведомстводағылар үлескерлердің барлығының атына дейін біледі деп мәлімдеді. 

"2007-2008 жылдардағы дағдарыс естеріңізде ме, ол біздің саланы бүркеп, үлескерлік құрылыс дағдарысқа ұшырады. Ол кезде 64 300 үлескер дағдарыс жағдайына тап болды. Мемлекет басшысы шұғыл түрде қажетті қаражатты бөлу туралы тапсырма берді. 62 700 үлескердің мәселесі шешімін тапты, олар өз пәтерлеріне қол жеткізді. 14 нысанды аяқтау қажет, ол дегеніміз - 1664 үлескер. Яғни, біз барлығының атына дейін білеміз, ешкімді жоғалтқан жоқпыз", - деп жауап берді Қайырбек Өскенбаев журналистерге.

Оның айтуынша, 2015 жылдың соңына дейін проблемалы ондаған нысанның құрылысы аяқталады. Бұл 1153 үлескер өз пәтерін алады дегенді білдіреді. "2016 жылға осындай бес нысан қалады - ол 511 үлескер", - деді Өскенбаев.

Айта кетейік, бүгін брифинг барысында ұлттық экономика вице-министрі теңге бағамының өзгеруіне байланысты Қазақстанда тұрғын үй шаршы метрлерінің бағасы көтеріле ме деген журналистердің сұрағына жауап берді. Өскенбаевтың айтуынша, республикадағы бірқатар қалада үйдің бағасы аздап ауытқыған.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігіндегілер алданған үлескер болмау үшін не істеу керегін түсіндірді. Астана әкімінің ойынша, үлескерлер мәселесі сот арқылы шешілуі тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети