19 қыркүйек 2016 12:53

Қазақстанның тұрғын үй бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© siapress.ru © siapress.ru

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Мәжілістегі үкімет сағатында жаңа тұрғын үйді енгізудің негізгі көрсеткіштерін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Мәжілістегі үкімет сағатында жаңа тұрғын үйді енгізудің негізгі көрсеткіштерін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, алдағы екі жылда 100 мыңнан аса жер телімдері жеке тұрғын-үй құрылысына беріледі.

Бишімбаев қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін бірыңғай "Нұрлы Жер" бағдарламасын іске қосудың тапсырылғанын атап өтті.

"Бағдарламада басты назар тұрғын үй құрылысын мемлекет қаражаты есебінен тікелей қаржыландырудан мына міндеттерді шешу арқылы жеке бастамаларды ынталандыруға ауысатын болады: Пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қоса алғанда, ЕДБ ипотекалық қарыздар беру арқылы сұранысты ынталандыру; "ҚТҚЖБ" АҚ салымшылары үшін кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және өңірлік жалдамалы тұрғын үй қорын құру; Мемлекеттің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуы арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту және инженерлік инфрақұрылым шығындарын өтей отырып, жер учаскелерін беру", - деді Бишімбаев.

"Халықты тұрғын үймен одан әрі қамтамасыз ету үшін қолданыстағы бағдарламалардағы барлық тұрғын үй мәселелерін бір бағдарламаға біріктіре отырып, бірыңғай "Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. 2015-2016 жылдары тұрғын үй инфрақұрылымын жүргізуге 151,2 миллиард теңге бөлінді. 2016-2017 жылдары біз жеке тұрғын үй құрылысына арналған 101 мың учаскені қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Инфрақұрылым бүгінгі күні берілген 57,4 мың жер учаскесіне және жаңа 43,5 мың учаскеге жүргізілетін болады. 2017 жылы қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 84 миллиард теңге жұмсау жоспарланған", - деді министр.

Бишімбаев осы мақсаттарға 2015-2016 жылдары 444 миллиард теңге, оның ішінде 2015 жылы - 122,5 миллиард теңге және 2016 жылы - 321,5 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.

"Көрсетілген бағыттар бойынша 2015-2017 жылдары 3,1 миллион шаршы метрден астам (шамамен 53 мың пәтер) тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде 2015 жылы ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 860 мың шаршы метр (12 529 пәтер) тұрғын үй берілген. Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 488,7 мың шаршы метр немесе шамамен 8 мың пәтер және 2017 жылы 1,9 миллион шаршы метр (32 мың пәтер) пайдалануға берілетін болады. 2015 жылы 122,5 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде 92,5 миллиард теңге - "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ арқылы жалдамалы тұрғын үй салуға және 30 миллиард теңге - "ҚТҚЖБ" салымшылары үшін ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйдің бұрын басталған объектілерін аяқтауға бөлінген. Аталған қаражат есебінен бүгінгі күннің өзінде 746,6 мың шаршы метр (12 309 пәтер) пайдалануға берілді және ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша пайдалануға беру - 164,5 мың шаршы метр немесе 3 134 пәтерді құрайды, - деді ұлттық экономика министрі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети