31 наурыз 2014 | 12:00

Қызылорда әуежайы халықаралық деңгейге көтеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда әуежайының жаңа жобасы Қызылорда әуежайының жаңа жобасы

Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы әуежай үстіміздегі жылы халықаралық мәртебеге ие болады деп күтілуде. Бұл бағытта нақты іс-шаралар қолға алына бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы әуежай үстіміздегі жылы халықаралық мәртебеге ие болады деп күтілуде. Бұл бағытта нақты іс-шаралар қолға алына бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі күні әуежай сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетеді. Әйткенмен, заманауи талаптарға сәйкес келе бермейді. Соның салдарынан қызылордалық жолаушылар шетелдерге еліміздің өзге үлкен қалаларына барып, сол арқылы ғана шығып жүрді. Тоғыз жолдың торабына орын тепкен Қызылорда қаласы үшін халықаралық деңгейдегі әуежай салу аймақтың көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, инновациялық және кластерлік жобаларды жүзеге асыруға оң септігін тигізеді.

Аталмыш әуежайдың ұшу-қону алаңы осыдан үш-төрт жылдай бұрын күрделі жөндеуден өткізілген. Содан бері алып лайнерлерді қабылдауға мүмкіндік туды. Қазіргі күні бұл орын аптасына 23 әуе рейсіне қызмет көрсетіп отыр. Былтыр әуежай қызметін 70 мыңнан астам жолаушы пайдаланды. Алдағы уақытта жолаушылар саны 3-4 есеге арттыру көзделіп отыр. Алдағы уақытта жүзеге асатын халықаралық үлгідегі әуежай сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Терминалдың сметалық құны 6,2 млрд. теңгені құрайды. Содан кейін ондағы жүк тасымалы 40 пайызға дейін артады деп жоспарланып отыр. Қызыорда ауа-райы әуе қатынасына өте қолайлы. Жылдың 365 күнінің басым бөлігінде бұл өңірде күн ашық болады. Бұл әуе қызметіне өте қажетті ауа-райы болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети