Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Мемлекеттік баспана алушылар мен кезекте тұрғандар тізімі БАҚ-та жарияланады

21 Мамыр 2014, 14:25
0
Сурет  gazeta.ru сайтынан алынған
Сурет gazeta.ru сайтынан алынған

"Қазақстанда мемлекеттік баспана алушылар мен кезекте тұрғандар тізімі БАҚ-та жарияланатын болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай норма мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жобасында қарастырылған.

"Мемлекеттік баспана беру мәселесінде ашықтыққа қол жеткізу мақсатында, жергілікті атқарушы органдарға басылымдар мен интернет-ресурстарда кезекте тұрған және баспана алған адамдардың тізімін жариялау міндеттеледі" деді палатаның пленарлы отырысында заң жобасымен таныстыру барысында, ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.

Сондай-ақ, министрдің сөзіне қарағанда, "Тұрғынүй қатынастары туралы" Заңға "бюджеттік мекеме қызметкері" деген түсінік енгізілген. Бүгінгі таңда бюджеттік мекеме қызметкеріне жататын адамдарға қатысты ҚР заңнамалық актілерінің ешбірінде нақты анықтама жоқ. Бұл түсінік мемлекеттік баспанаға құқық беретін үміткерлерді анықтау үшін қажет.

"Сонымен қатар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 69-бабына сәйкес, егер отбасы тұратын тұрғын үй санитариялық және техникалық талаптарға сәйкес келмесе, азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады. Сонымен бірге, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптар белгіленбеген, осыған байланысты Заңның осы нормасы жергілікті жерде нақты қолданылмайды. Қандай да бір нормативтік құқықтық актіні қабылдау үшін заңнамада көзделген тікелей құзырет қажет екендігін атап өту жөн. Осыған байланысты, тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган ретінде Өңірлік даму министрлігіне тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды бекіту құзыретін беру ұсынылады" деді ол

Одан өзге, Жәмішев, "заң жобасында одан әрі меншік иелерінің өз кондоминиум объектісіне ұқыпты қарауды қалыптастыру және басқару органдарының жұмысына қанағаттанушылықты арттыру жөніндегі шаралар ұсынылып отыр. Осылайша, кондоминиум объектісін басқару органдары жұмысының ашықтығын арттыру мақсатында ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған шығыстар туралы есепті ай сайын ұсыну міндетін белгілеу ұсынылып отыр" деп мәлімдеді.

Сондай-ақ министр, аталмыш құжаттың купонды жекешелендіруге қатысушылардың баспананы жекешелендіру кезектілігін анықтау мәселелерін қарастыратынын айтты. ""Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңның 13 бабы 9 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғын үйді ғана жекешелендіруге құқылы. 1996 жылға дейін баспананы жекешелендіру купон арқылы жүзеге асқаны мәлім. Аталмыш заң бұрын купон арқылы жекешелендірілген баспанасы бар адамдарға жаңа баспананы жекешелендіруге рұқсат бермеуге негіз бола алмайтыны нақтыланған" деді министр.

Сонымен қатар министрдің сөзіне қарағанда, құжат бұрынғы жекешеленген баспандағы үлесі 50 пайыздан кем болған азаматтардың мемлекеттік қордан берілген баспананы жекешелендіру құқығын шектемейді. Қолданыстағы заңдағы қайшылықты жою мақсатында, саяси репрессия құрбандарына баспананы тегін жекешелендіру қарастырылған.

"Халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігін қорғау мақсатында, жалғыз баспанасына құқығы шектелген жағдайда, азаматқа жергілікті атқарушы орган тарапынан бір ай уақытша тұратын баспанамен қамтамасыз ету жүктелген. Аталмыш норманы талқылау барысында, әлеуметтік аз қорғалған жандар үшін бұл мерзімді арттыру және жылу мерзімі аяқталғанға дейін оларды үйден шығармау туралы шешім қабылданды. Біз бұл ұсыныстарды қолдадық" деді Жәмішев.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай