07 қазан 2019 12:17

Министр тұрғын үй бойынша жаңа мембағдарлама жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл соңына дейін Қазақстанда 2025 жылға арналған жаңа "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекітіледі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жыл соңына дейін Қазақстанда 2025 жылға арналған жаңа "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекітіледі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жыл соңына дейін 2025 жылға дейінгі "Нұрлы жер" жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі, оған бес міндет кіреді: бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру, халықты сапалы ауыз сумен және сумен қамту қызметтерімен тиімді қамтамасыз ету, коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және қайта жаңарту, құрылыс саласын дамыту", - деп түсіндірді Атамқұлов Мәжілістегі үкімет сағатында.

Министр жаңа тұрғын үй саясатының идеологиясы - әрбір жұмыс істейтін қазақстандық өз баспанасына ие болуының кепілі екенін көрсетті. Ол тұрғын үйге мұқтаж әрбір отбасына өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартатынын атап өтті.

"Бағдарламаға қатысу үшін нақты критерий қарастырылады және халықтың табысы айқындаушы фактор болады. Табысы жоқ немесе отбасының бір мүшесіне табысы бар кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үй берілетін болады, бірақ оны сатып алу мүмкіндігі қарастырылмайды. Мұнда әлеуметтік жағынан осал азаматтар арасында іріктеу жүргізіледі.

Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй - табысы жоқ азаматтарға берілетін болады. Әлеуметтік осал санаттар үшін сатып алмай жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жалғастырылатын болады. Өзгелерге "Бақытты отбасы" аясында 2 пайыз жалға берілетін тұрғын үй беріледі", - деді Атамқұлов.

Сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Бәйтерек девелопмент", "Қазақстандық ипотекалық компания" және "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" - бірыңғай операторды біріктіру жолымен холдингтің тұрғын үй блогын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

"Бірыңғай оператор стратегиялық жоспарлаудан бастап, инжиниринг, сандық мониторинг және кейінгі пайдалануды қоса алғанда, іске асырудың барлық кезеңдерінде жобаларды толық сүйемелдеуге дейін кешенді түрде тікелей қолдау көрсететін болады", - деп толықтырды министр.

Атамқұловтың айтуынша, көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін жыл сайын алдағы үш жылда қаржыландыруды арттыру және 10 мың отбасын қолдаумен қамту жоспарланып отыр.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Бақытты отбасы" жеңілдетілген кредит беру жөніндегі "2-10-25" бағдарламасы бұрынғысынша мақсатты аудиторияға ие болады: көпбалалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар, отбасы мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі бір еңбекақыға дейінгі отбасылар. "Бақытты отбасы" жеңілдікті кредит беру бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының санын 10 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети