17 тамыз 2017 12:14

"Не сауық кештері, не пәтер". ТҮҚЖБ басшысы баспана сатып алу үшін жалақы қандай болуы керектігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қалыпты өмір сүруге және пәтер сатып алу мақсатында ақша жинауға жалақы қандай болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"140-150 мың теңге жалақы жетеді деп ойлаймын. Осы жағдайда 40 мың теңгесін жинап отыра алуы керек. Әрине, барлық жерде де үнемдеуі керек болады. Ешқандай да кафе, мейрамхана және сауық болмауы тиіс. Мұнда не сауық кештері, не пәтер", - деді Ләззат Ибрагимова тілшілерге үкімет баспасөз орталығындағы брифингтен тыс. 

"Егер ол бір депозитке максималдық сома 40 мың теңгені ай сайын жинаса, 12 айда 480 мың теңге жинайды. Оған мемлекеттік премия - 96 мың теңге үстінен түседі. Банк оған тағы екі пайыз қосады. Жалпы алғанда бір жылда 600 мың теңге жинайды. Үш жылда 1,8 миллион теңге болады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети