1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Жылжымайтын мүлік

"Нұрлы жол" бағдарламасымен салынған пәтерлер қандай01 шілде 2015, 15:35

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда әлеуметтік баспананы жалға беру бағдарламасы бойынша Астана, Алматы, Қостанай, Павлодар және Ақтөбе тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл шілдеде осы қалаларда үлестірілуі жоспарланған пәтерлердің жалпы саны - 360.    

"Бәйтерек" холдингі баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2800-ге жуық жаңа пәтер пайдалануға берілді. Мысалы, 2015 жылы көктемде Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында 2 437 пәтер үлестірілді. 

Пәтерлердің 50 пайызы 35 жасқа дейінгі жас отбасылар арасында үлестірілсе, қалған бөлігі бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім, ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар, толық емес отбасы және әскери қызметкерлер арасында үлестірілді.

Астанада 23-17 көшелері бойындағы №26 үйдегі пәтерлердің болашақ иелеріне кілттер табыс етілді.

1 шілде күні пәтер үлестірілген бес қалада сатып алынған және салынған жалдамалы тұрғын үйлер: Алматы - 88,6 мың шаршы метр (1 542 пәтер), Астана - 20 мың шаршы метр (322 пәтер), Ақтөбе - 3,8 мың шаршы метр (216 пәтер), Павлодар - 25 мың шаршы метр (485 пәтер), Қостанай - 5,8 мың шаршы метр (91 пәтер). 

 

© Тұрар Қазанғапов