07 наурыз 2019 16:53

Өзім барып тексеремін - Байбек жол сапасы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Алатау ауданындағы 440-тан аса көшелерді салу мен жөндеуге жеті миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматының Алатау ауданындағы 440-тан аса көшелерді салу мен жөндеуге жеті миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясы қалалық бюросының жиынында қалада, сонымен қатар мегаполистің шет аймақтарында абаттандыру, жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарын барынша қарқынды жүргізуді тапсырды.

Соңғы 10 жыл ішінде қалаға қосылған Алатау ауданын дамытуға билік 434 миллиард теңге бөлді. Соның арқасында мұнда 12 мектеп, 5 емхана, 16 мемлекеттік және 151 жеке бала бақшалар, "Ақбұлақ", "Алғабас-6", "Саялы" ықшам аудандары, бірқатар спорт және мәдени кешендер, оның ішінде "Алматы Арена", "Алатау" дәстүрлі өнер театры бой көтерді. Инфрақұрылымды дамыту үшін 223 шақырым электр, 276 шақырым газ желілері, 688 шақырым су, 453 шақырым кәріз құбырлары тартылды. 93 шақырым жол және үш жолайрықтары салынды.

Бауыржан Байбек мұнда асфальтталған жолдың толық салынбағанына назар аударды. Соның салдарынан соңғы айда 110 шағым түскен. Кейбір ықшам аудандарда инженерлік желілерді жүргізген мердігерлердің жауапсыздығынан төзгісіз жағдайлар қалыптасқан.

"Маған Алатау ауданының тұрғындарынан шағым жиі түседі. Адамдарды қинамай, жағдайды түзету қажет. Осыған орай, 12 ықшам ауданда жол салу үшін республикалық бюджеттен жоспарланған 3 миллиард теңгеге қоса Стратегия және бюджеттік жоспарлау басқармасына бірқатар жобаларды оңтайландырып, жергілікті бюджеттен тағы 4 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Аудан әкімі тиісті басқармалармен бірге жұмыстың сапасы үшін жеке жауап бересіз. Мен жиі барып, атқарған жұмыстарыңды тексеріп тұрамын", - деді Бауыржан Байбек.

Осылайша, Алатау ауданындағы "Ақбұлақ", "Қарасу", "Ұлжан-2", "Алғабас-АЗТМ", "Әйгерім-1", "Әйгерім-2", "Ұлжан-1", "Шаңырақ-1", "Шаңырақ-2", "Томирис", "Дархан-Байбесік", "Көк Қайнар" ықшам аудандарындағы 440-тан аса көшеге ұзындығы 120 шақырым болатын жолдар салынады және жөнделеді.

Айта кетейік, таяуда Бауыржан Байбек алдағы кезде жөнделетін жолдар мен тротуарларға қатысты жұмыс кеңесін өткізген еді. Биылғы жылы ұзындығы 111 шақырым болатын 120-дан аса көшеге ағымдағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұлардан өзге, мегаполис басшысы ашық қалған люктар мен беті жабылмаған орларға қатысты шағымдардың жиі түсетінін, мұндай келеңсіздіктердің орталық даңғылдар мен аудандық мәні бар көшелерінде орын алғанын атап өтті.

Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев ауа райы қолайлы болса барлық магистральді көшелерде ағымдағы жөндеу жұмыстарының 10 күн ішінде жүргізілетінін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети