19 қыркүйек 2016 10:15

Павлодарда 52 отбасыға пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 52 отбасы пәтерге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strategy2050.kz порталына сілтеме жасап.


Павлодарда 52 отбасы пәтерге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strategy2050.kz порталына сілтеме жасап.

"Алюминстрой" шағын ауданының бұрынғы тұрғындары тоғыз қабатты жаңа үйден пәтерлерге ие болды. Жаңа шаңырақ иелеріне кілтті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов табыстады.

"Бұл осы шағын ауданда тапсырылып отырған осымен екінші үй, жыл соңына дейін тағы 3 үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Білдей тұрғын үй кешенінің құрылысы осы үйлерді салудан басталды", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

"2020 жылға дейін өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша бой көтерген бұл үйдің құны 502,5 миллион теңгені құрайды.

Айта кетейік, жаңа үйдің жалпы ауданы 3,5 мың шаршы метр. Жаңа үйде 52 пәтер бар: 34 екі бөлмелі, 16 үш бөлмелі және 2 төрт бөлмелі пәтер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети