26 мамыр 2015 15:44

Санкт-Петербургте "Астана" сауда-іскерлік орталығы салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Санкт-Петербургте "Астана" сауда-іскерлік орталығын салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "АСН - инфо".


Санкт-Петербургте "Астана" сауда-іскерлік орталығын салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "АСН - инфо".

1,8 гектар аумақты алатын сауда-іскерлік орталығының құрылысы 2015 жылдың күзінде басталады деп күтіліп отыр. 17 мамырда болатын кешеннің ашылу салтанаты Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Петербург губернаторы Георгий Полтавченконың қатысуымен өтеді. Қазір кешенді салу тұжырымдасын жасау жұмыстары бітуге таяу, инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сауда-іскерлік орталығы алаңының бір бөлігінде футболдан "Әлем чемпионаты - 2018" қонақтарына арнап зәулім үй тұрғызылатыны атап өтілді. Сонымен қатар, ғимараттың қасынан Приморский ауданы мен Крестовский аралын жалғайтын көпір тұрғызылады. Компания аймақта көп қабатты автотұрақ салу жоспарын да жүзеге асыруы мүмкін.

Жобаны іске асырумен "Торговый центр "Астана" компаниясы айналысады. Айта кетейік, 2013 жылы Астанада "Санкт-Петербург" сауда-іскерлік орталығы ашылған болатын. Осыған дейін Астанада Елена Батуринаға тиесілі "Москва" кәсіпкерлік орталығы Қазақстандағы ең үздік кеңсе нысаны атағына ие болды және "Көрермендер көзайымы" атанды. Жеңімпазды анықтау тәуелсіз дауыс беру арқылы жузеге асты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети