04 желтоқсан 2017 09:24

Сарапшылар арзан ипотека қай елдерде екенін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Сарапшылар әлемдік нарықтағы ұсыныстарды сараптай келе, тиімді ипотека ұсынған елдердің рейтингін жасады, - деп жазады "Вести Финанс".


Сарапшылар әлемдік нарықтағы ұсыныстарды сараптай келе, тиімді ипотека ұсынған елдердің рейтингін жасады, - деп жазады "Вести Финанс".

Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, ең тиімдісі Жапониядан ипотека алу. Онда ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 1,2 пайыз ғана. 

Ал рейтингтің екінші орнында 1,42 пайыздық мөлшерлемемен Швейцария тұр. Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, Швейцарияда ипотеканы өмір бойы төлеуге болады.

Рейтингтің үштігін Финляндия қорытындылап тұр. Онда ипотекалық мөлшерлеме 1,5 пайыздан асады. Алайда мұнда пәтер бағасы өте қымбат екен - бүгінде бір шаршы метрі шамамен 2 мың еуро.

Ал тізімнің кейінгі орындарында ипотеканы 1,87 - 2,1 пайыздық мөлшерлеме аралығында ұсынған Швеция, Словения, Германия, Чехия, Литва, Тайвань және Аустрия елдері бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети