Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына өтемақының бірінші бөлігін төлеп болды

11 Тамыз 2016, 11:03
0
© stan.kz
© stan.kz

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісалымшыларына өтемақының бірінші бөлігін төлеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына бағам айырмашылығындағы өтемақының бірінші бөлігін төледі. Өтемақы 338 мың депозит салымшыларына аударылды. Ал қалған 28 миллиард өтемақыны салымшылар 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін алады. Нәтижесінде депозиттің коэффиценті 35,5 пайызды құрайды. Ranking.kz басылымының мәліметінше, басқа екінші деңгейлі банктердегі депозит салымшыларына салымының 21,5 пайызы өтеледі. Осылайша, өтемақыны төлеу үшін Ұлттық банк өкілдері 77,6 миллиард теңгені қорда сақтады", - деп хабарлады Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі баспасөз қызметіндегілер.

Салымшыларға өтемақыны төлеу кезінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі соңғы бес жылдағы табысын қоса есептеп, өтемақы төлеудің пайызын арттыруға мүмкіндік берді", - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова.

Осылайша ҚТҚЖБ салымшыларының ұзақ уақыт бойы жинаған салымдары 2016 жылдың 1 тамызында 362 миллиард теңгеге жеткен. Ұлттық банк өкілдерінің мәліметінше, бұл триллион теңгеден асатын депозиттер ҚР азаматтары жинақтарының үштен бір бөлігі ғана екен. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай