25 шілде 2019 17:59

Үкімет басшысы: 6 айдың қорытындысы бойынша құрылыс қарқыны 20 пайызға төмендеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Елбасының тапсырмасы бойынша елорданы дамытудың өзекті мәселелерін шешу, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау нысандарын салу және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың бес жылдық Кешенді жоспары дайындалып, бекітілді", - деп ҚР премьер-министрі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бас қаласының дамуына үлкен мән беретінін және Үкіметке бірқатар міндеттерді жүктегенін айтты".

Мемлекеттік комиссия отырысы барысында қаланың жиынтық құрылысы жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру, газбен жабдықтау, қала маңын дамыту және үлестік құрылыс мәселелері талқыланды.

Кешенді жоспарды іске асыру және Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың өзекті мәселелері туралы қала әкімі Алтай Көлгінов баяндады. Бейінді бағыттар бойынша ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзым Мырзағалиев, әділет министрі Марат Бекетаев, энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов баяндады.

"Елордада тұрғын үйге сұраныс жоғары кезде тұрғын үй құрылысының қарқыны төмендемеуі тиіс", - деп Асқар Мамин, 6 айдың қорытындысы бойынша құрылыс қарқыны 20 пайызға төмендегенін айтты.

Жалпы, жарты жылдың қорытындысына сәйкес негізгі көрсеткіштер бойынша артта қалушылық байқалуда: негізгі капиталға инвестициялар 20 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру 33 пайызға төмендеді.  

"Үкімет Елорданы кешенді дамытуды іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Елорда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша барлық өңірлерге үлгі болуы тиіс", - деді Асқар Мамин.  
Жекелеген мәселе - Нұр-Сұлтан қаласының төңірегін дамыту. Елорда әкімдігі биыл 9 жобаны іске асыруды жоспарлады, соның ішінде әлеуметтік, мәдени маңыздағы нысандар, газдандыру нысандарын, инженерлік желілер салу мәселелері бар.

"Нұр-Сұлтан қаласының төңірегіндегі мәселелерді шешуге үш жылдық кезеңге 22,5 миллиард теңге қарастырылған, осы қаражатты қала төңірегінде өмір сүретін азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға жұмсау қажет", - деп Асқар Мамин баса айтты.

Үкімет басшысы кеңес қорытындысын шығара отырып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Елорда әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Кешенді жоспардың іс-шараларын уақытылы әрі сапалы іске асыру, елорда төңірегінде нысандар салудың ЖСҚ әзірлеу бойынша қажетті шараларды қабылдау, үлестік құрылыстағы проблемалық нысандардың құрылысын аяқтауды жеделдету тапсырылды.

ҚР премьер-министрі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің негізгі жұмысы газбен жабдықтау, көшені жарықтандыру, нөсер канализациясы, әлеуметтік нысандар салу, абаттандыру, көлік желілерін дамыту мәселелерін жедел түрде шешу екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети