14 қыркүйек 2018 15:27

Almaty Film Festival айтулы шара болады - Сергей Бодров

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Бодров. © Екатерина Чеснокова/РИА Новости Сергей Бодров. © Екатерина Чеснокова/РИА Новости

Алматыға әлемдік киноиндустрияның жетекші мамандары келе бастады. Қала күні аясында 15 қыркүйекте алғашқы халықаралық Almaty Film Festival кионфестивалінің ашылу салтанаты болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі


Алматыға әлемдік киноиндустрияның жетекші мамандары келе бастады. Қала күні аясында 15 қыркүйекте алғашқы халықаралық Almaty Film Festival кионфестивалінің ашылу салтанаты болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі

Кино мерекесінде атақты режиссерлар, продюсерлер, актерлер мен картинаны қоюшылар бой көрсетеді, олардың ішінде "Айка" фильмінің продюсері Гүлнар Сарсенова, АҚШ пен Франция продюсері Пьер Спенглер ("Супермен", "Үш ноян", "Андэграунд"), 1981 жылғы "Алтын глобус" сыйлығының иегері, Cesar еуропалық сыйлығының бірнеше дүркін номинанты, режиссер, продюсер, неміс актрисасы Настасья Кински, қазақстандық актерлар - көпшіліктің сүйіктісіне айналған Самал Еслямова, Әсел Сағатова,Қарлығаш Мұхамеджанова, Әсел Сәдуақасова,Құралай Анарбекова, Динара Бақтыбаева, Берік Айтжанов, Санжар Мәди, Асылхан Төлепов, Максим Акбаров, Фархад Әбдірайымов, Айдархан Әділбаев, Асқар Ұзабаев,Әлішер Өтев, Данияр Ибрагимов, Серік Әбішев, Айдар Баталов, Қанағат Мұстафин, Нұртас Адамбай, Асқар Бисембин, Нұрлан Қоянбаев және көптеген басқалары бар.

Сергей Бодров конкурс жюриінің төрағасы атанады, ол қазір Алматыда, оңтүстік астананың сұлулығына тамсанып жүр.

"Мен Алматыны бұрыннан білемін және өте жақсы көремін. Өзімнің алғашқы фильмдерімді түсіруді осы қаладан бастадым, айтарым соңғы жылдары Алматы танымастай өзгеріп, көркейіпті. Алматы - болашақтың қаласы және ол уақытпен бірге алға қарай қадам басуда. Ал енді алматылықтардың қонақжайлылығы еш өзгермепті. Менің достарымның барлғы бұрынғыдай мейірімді, қонақжай, бауырмал, көмек қолын созуға әрқашан дайын. Мұндай ізгі жандарды қалай ұмытасың! Қалада түрлі фестивалдердің өтуі тегін емес, соның жарқын мысалы Алматы фестивалі, мен бұған қуанамын, ол жағымды оқиғаға толы болатынына сенімдімін, барлығымызға табыс тілеймін!", - деп атап өтті Сергей Бодров.

Негізгі конкурс тақырыбы - "Мәдениеттің жақындасуы". Мұнда екі және одан да көп елдердің киноөніміне айналған 2018 жылғы фильмдер көрсетіледі.

Бұлардан өзге, Алматыда Alma fest атты алма мерекесі, ал Almaty Arena-да B-Day Party атты үлкен концерт ұйымдастырылып, оған танымал американдық дэнс хип-хоп LMFAO дуэті, Нью Йорктік Jazzistan диджейлері қатысады, сонымен қатар Қазақстандағы ауқымды халықаралық ALMATY GARDEN SHOW бау-бақша өнері фестивалі және басқа көптеген мәдени шаралар өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети