03 сәуір 2015 15:18

Disney Винни-Пух туралы толықметражды фильм түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Kinopoisk.ru @Kinopoisk.ru

Disney Винни-Пух туралы толықметражды фильм түсіруді жоспарлап отыр, - деп жазды The Los Angeles Times.


Disney Винни-Пух туралы толықметражды фильм түсіруді жоспарлап отыр, - деп жазды The Los Angeles Times.

Тәуелсіз кинематограф Алекс Росс Перри картина сценарийінің Александр Алан Милн шығармасының желісі бойынша құрылғанын айтты. Ол Disney студиясына ересек Кристофер Робинді баса назарға алуды ұсынды. Фильм режиссері әзірше белгісіз және туындының прокатқа шығу уақыты айтылмай отыр.

Айта кетейік, бұл жоба Disney түсіретін анимациялық фильмдердің толықметражды фильм форматына өтуінің тағы бір мысалы. Компания "Ғажайыптар әлеміндегі Алиса" мен "Золушка" фильмдерін түсірген болатын және қазіргі уақытта "Ару мен құбыжық", "Дамбо", "Мулан" фильмдерін әзірлеп жатыр.

Осыған дейін студияның 1988 жылы шыққан "Мулан" мультфилімінің басты кейіпкері жөнінде толықметражды фильм түсіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатынбыз. Фильм сценарийі Қытайдың ересек адамдар секілді киініп, әкесінің орнына соғысатын Хуа Мулань туралы аңызына негізделген. Сонымен қатар,  Disney "Үйректердің оқиғасы" мультхикаясының жалғасын түсіріп жатқаны белгілі болған еді. Компанияның менеджері "Үйректердің оқиғасы" мультхикаясының әдеттегідей балалар мен ересектер арасын жалғайтын туынды болатынына уәде берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети