13 наурыз 2014 11:12

Need for Speed: "Жылдамдық қажеттілігі" фильмі прокатқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Need for Speed: Жылдамдық қажеттілігі" фильмінің постері. Фото "Меломан" компаниясынан "Need for Speed: Жылдамдық қажеттілігі" фильмінің постері. Фото "Меломан" компаниясынан

Need for Speed: "Жылдамдық қажеттілігі" компьютелік ойыны негізінде түсірілген фильм қазақстандық кинопрокатқа шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильм дарынды автомехнаик Тоби Маршалдың қызықты әрі тартысты өмірі туралы баяндайды. Оның рөлін белгілі әртіс Аарон Пол сомдаған. "Меломан" компаниясының бастамасымен фильм ел кинотеатрларында көрсетіле бастады. ) Фильмнің оқиға желісіне сәйкес, Тоби Маршал қаржылай тығырыққа тіреліп, отбасының автошеберханасын сақтап қалу үшін өзінің қарсыласы Дино Брюстермен бірге жұмыс істеуге мәжбүр болады. Оның рөлін британдық Доминик Купер ойнап шықты. Алайда олардың әріптестігі ұзаққа созылмады. Брюстер оны сатып кетеді. Ал Маршал түрмеден бірақ шығады. Енді, өшін алу үшін Тоби жасырын жарысқа қатысып, жеңіске жетуі тиіс. ) ) "Меломан" компаниясының кинопрокатты дамыту жөніндегі жетекші маманы Нариман Әбиев атап көрсеткендей, "Need for Speed" - "Жылдамдық қажеттілігі" фильмі аңызға айналған компьютерлік ойынның фанаттарына арналып отыр. "Бұл фильм ойынды, жалпы экшнды ұнататындар үшін түсірілді. Мұнда атыс-шабыс, жылдамдық пен жарыс, қозғалтқыштардың гуілдеген дауысы - бәрі-бәрі бар. Сондай-ақ керемет махаббат пен қалжыңдар да жоқ емес", - дейді Н.Әбиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети