29 шілде 2019 17:52

Ақан Сатаевқа Instagram-да ирандықтар "шабуылдады"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирандықтар Instagram желісінде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевты тарихи деректерді бұрмалады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinrews.kz тілшісі. 


Ирандықтар Instagram желісінде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевты тарихи деректерді бұрмалады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinrews.kz тілшісі. 

Instagram желісінде "Томирис" фильмінің трейлері жарияланғаннан кейін, негатив пікрілер жазыла бастаған. 

"Сіз сценарийде қолданған еңбекте Томирис - Арийлік нәсілден шыққан скиф тайпаларының патшайымы. Мұны Герадоттың өзі жазып кеткен. Томирис қазақтарға, түріктерге және моңғолдарға еш қатысы жоқ. Сіз деректерді бұрмалағыңыз келеді", - деп жазды @omid.hosseinzadeh7 есімді қолданушы иран тілінде. 

"Сіз осы фильмді шығару арқылы, тарихты бұрмаладыңыз. Грек тарихшыларының кітабында Парсы патшасы Кирдің өлімі туралы бірнеше нұсқаны табуға болады. Танымал грек тарихшысы Ксенофонт Кирдің өз өлімімен қайтыс болғанын жазды. Тағы бір грек тарихшысы Кациас Кир тайпамен соғыс кезінде қаза тапқанын жазды. Тек Геродот қана Кирды Томирис өлтірді деп жазды. Біз сізден Иранға барып, осыны ирандық университеттерде талқылауға шақырамыз", - деп жазды @korani_erfan73.

"Томирис өмірде болмаған, оны Геродот ойдан құрастырған, содан кейін ол аңыз болып саналады. Негіз Геродоттың тұжырымы бойынша Томирис арийлік нәсілден шыққан скифтер патшайымы, бірақ ол қазақ, моңғол не түрік емес", - деп пайымдады @korani_erfan73.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети