Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туралы мультфильм 9 мамырда көрсетіледі

09 Сәуір 2015, 16:42
0
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туралы мультфильм 9 мамырда көрсетіледі - © Tengrinews.kz иллюстрациясы
© Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының батырлары - Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова мен Бауыржан Момышұлы туралы мультфильм 9 мамырда көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияровқа сілтеме жасап.

"Бұл біздің батырларымыз (Ұлы Отан соғысы - Автор.) - Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова мен Бауыржан Момышұлы туралы анимациялық фильм. Қазір ол цифрланып жатыр. Бұл "Қазақфильм" акционерлік қоғамы орындап жатқан Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырысы", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте сөз сөйлеп тұрып.

Ахмедияровтың мәліметінше, мультфильм 9 мамырда қазақстандық мемлекеттік телеарналардан көрсетіледі.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай