10 маусым 2014 17:30

Әлия Телебарисованың ұзату тойы "Оскар" стилінде өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Телебарисова және оның сүйіктісі Фото Алмаз Толеке© Әлия Телебарисова және оның сүйіктісі Фото Алмаз Толеке©

 "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зеренің рөлін ойнаған актриса Әлия Телебарисова тұрмысқа шықты. Өткен демалыста актрисаның қыз ұзату тойы болды, 14 маусым күні ресми неке қию рәсімі өтпек. Tengrinews.kz.


 "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зеренің рөлін ойнаған актриса Әлия Телебарисова тұрмысқа шықты. Өткен демалыста актрисаның қыз ұзату тойы болды, 14 маусым күні ресми неке қию рәсімі өтпек. Tengrinews.kz.

Қыз ұзату тойы "Оскар" сыйлығын табыстау салтанаты стилінде өтті. Жас жұбайлар қызыл кілемнің істімен жүріп өткенде олардың туған-туыс, дос-жарандары, тойға келген қонақтар өздерін әлемдік жұлдыздардай сезінді. 

Телебарисованың айтуынша, ұзату тойы ішімдіксіз және дәстүрлі тілектерсіз өткен, тек би беленіп, қазақ эстрадасының жұлдыздары ән шырқады. Салтанатты кештің жүргізушісі Нұржан Аташ. Актриса таңдаған жарының есімін құпия қалдырғысы келді.

Өзінің ұзату той барысында Әлия Телебарисова  сүйіктісіне арнап "Сүйемін" ("Я тебя люблю") әнін орындады.  Карлығаш Мұқхамеджанова, Құралай Анарбекова, Аружан Жазылбекова сынды белгілі актрисалар, әнші Аша Матай, Ерке Есмахан, Диана Шарапова ұзату тойының құрметті қонақтары болды. 

Естеріңізге сала кетейік, Әлия бірнеше жыл бұрын Ақан сатаевтың "Ағайынды" сериалы арқылы көрерменге танылған болатын. Кейіннен "Жаужүрек мың бала" фильміндегі зеренің рөліне кастинг арқылы өтті. Әлия 2011 жылы "Алматы аруы" атағын жеңіп алған еді. Ол өзінің оқуына байланысты "Қазақстан аруы" байқауына қатысудан бас тартты.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети