Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда "Тоқал" фильмінің түсірілімі аяқталды

14 Қыркүйек 2015, 18:09
0

Алматыда қазақстандық-америкалық "Тоқал" (The Other Wife) көркем фильмінің түсірілімі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түсірілім тамыз және қыркүйек айларында Алматыда және Лос-Анжелесте өтті. Картинаның не жайында екені атында тұр. "Тоқал" әлеуметтік драмасында отбасылық құндылықтар, әулет қарым-қатынастары туралы мәселе көтеріледі. Фильмнің продюсері әрі басты рольдердің бірін сомдаған Гауһар Нұртастың мәлімдеуінше, оның лентасы Қазақстан үшін ғана емес, бірқатар елде өзекті болып отырған проблема жөнінде сыр шертеді.

"Тоқал дегеніміз кім - алтын торда отырған әдемі құс па, адам ба, оған көп нәрсе байланысты. Жағдайы жақсы ер адамдар опасыздықтарын заңдастыруға неліктен талпынады? Отбасын сақтап қалу үшін ол ер адамның әйелі не істеуі керек? Режиссер Евгений Чельцовпен бірге осы драмалық жағдайға қатысты өз көзқарасымызды көрсеттік. Кинода бұл тақырыпты қозғауға болмайды дегенді көп естідім, себебі ол елдің имиджіне кері әсертуі мүмкін. Бірақ мен 10 жылдан аса уақыттан бері Голливудта жұмыс істеп жүрмін және мықты картина үшін өткір тақырыптың керек екенін білемін", - деді Гауһар Нұртас.

Ұзаққа созылған кастингтерден кейін басты рольдерге Гауһар Нұртастан бөлек Жанель Мақажан мен Тұңғышбай Жаманқұлов бекітілді. Бастапқы кезде Желіде голливудтық актер Марк Дакасостың қатысуымен түсірілген тизер пайда болды. Алайда кейін ер адамның басты ролін сомдауды қазақстандық белгілі актер Ерік Жолжақсыновқа беру туралы шешім қабылданды. "Тоқал" продюсерінің мәлімдеуінше, оны қазақстандықтар ғана көрмейді, фильмді әлемдік прокатқа шығару жоспарланып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай