14 сәуір 2017 22:08

Анджелина Джоли миллиардерге тұрмысқа шығады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анджелина Джоли мен Брэд Питт. © In Touch Weekly Анджелина Джоли мен Брэд Питт. © In Touch Weekly

Америкалық In Touch Weekly журналы Анджелина Джолидің ұлыбританиялық кәсіпкер-миллиардер әрі филантропқа тұрмысқа шығады деп жазды. Олар Лондонда ортақ бір достарының кешінде танысқан. 


Америкалық In Touch Weekly журналы Анджелина Джолидің ұлыбританиялық кәсіпкер-миллиардер әрі филантропқа тұрмысқа шығады деп жазды. Олар Лондонда ортақ бір достарының кешінде танысқан. 

"Сенсациялық" жаңалықты басылым жаңа номердің мұқабасында жариялаған. Мақалада Голливуд жұлдызы 40 жастағы кәсіәпкермен өткен жылдан бастап кездесіп жүргенін жазады. Алайда 41 жастағы Джолидің жаңа жігітінің есімі құпия күйінде қалған. 

InTouch Weekly мәліметінше, үйлену тойы Джолидің Брэд Питтпен ресми түрде ажырасқаннан кейін болады, ал болашақ күйеуімен Анджелина балаларын жақын арада таныстырмақшы екен. 

Джоли мен оның өкілдері әзірге бұл жаңалыққа байланысты мәлімдеме жасаған жоқ. Ал, кейбір БАҚ өкілдері өз дереккөздеріне (жұлдыздардың туыстарына) сілтеме жасап, Анджелина Джолидің тұрмысқа шығатыны туралы мәліметті жоққа шығарды. 

Осыдан бірнеше күн бұрын америкалық Page Six басылымы Брэд Питтің Сиенна Миллер есімді актрисамен кездесіп жүргенін жазды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети