30 қараша 2016 10:31

Асқар Ұзабаев "Келін де адам баласы" комедиясының түсірілімін аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Гламұр для дур" фильімінің түсірілімі "Гламұр для дур" фильімінің түсірілімі

Асқар Ұзабаевтың "Келинка тоже человек" ("Келін де адам баласы") комедиясының түсірілімі аяқталды, - деп жазады kinostan.kz.


Асқар Ұзабаевтың "Келинка тоже человек" ("Келін де адам баласы") комедиясының түсірілімі аяқталды, - деп жазады kinostan.kz.

Жобаға Әсел Сәдуақасова продюсер болды, басты рөлде де өзі ойнайды (келін). Одан бөлек, актерлік құрамда Данагүл Темірсұлтанова (ене), Данияр Алшынов (күйеу), Әмина Малғаждар (қыз) және Әбунасыр Серіков бар.

Фильмде келін мен ененің қарым-қатынасы сөз болады. Сюжет бойынша екеуінің орындары алмасып кетіп, келінге ененің жаны, енеге келіннің жаны қонады. Түсірілім жұмыстары биыл қазан айының соңында басталған еді. Енді премьерасы 2017 жылдың басына жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Алматыда Асқар Ұзабаевтың "Гламұр для дур" атты комедиялық фильмінің тұсауы кесілді. Басты рөлдерде "КешYou" тобының солисті Ақбота Сейітмағамбет пен тележүргізуші Әсел Ақбарова ойнаған. Қосалқы рөлдерде атақты КТК (КВН) жұлдыздары Дәурен Айдарқұлов пен Гүлнара Сильбаева, эпизодтарда Төлепберген Байсақалов, Әсел Сәдуақасова, Ерболат Тогузакова, МС Сайлаубек, Фима Иванова, Екатерину Краснова сынды актерлар сомдаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети