Астаналықтарды Старк, Ланнистер және Таргариендерге "бөлді"

29 Тамыз 2017, 17:52
0
Астаналықтарды Старк, Ланнистер және Таргариендерге "бөлді" - © yvision.kz
© yvision.kz

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі Эльвира Жургенбаева Facebook желісіндегі парақшасында елорданың картасын жариялады, онда аудандар "Тақтар ойыны" сериалындағы атаулармен жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Facebook/Эльвира Жургенбаева

"Тақтар ойыны Астанада" атты туындыда елорданың елтаңбасы мен қала әкімдігі медиаорталығының белгісі безендірілген. 

Айта кетейік, "Тақтар ойыны" киносының жетінші маусымының соңғы сериалы қаралым жағынан рекорд орнатты. "Айдаһар және қасқыр" деп аталған жетінші маусымның финалдық эпизодын шамамен 16 миллион адам тамашалаған. 

НВО арнасының ең танымал "Тақтар ойыны" туындысының келесі, сегізінші маусымы алты сериядан ғана тұрады және ол 2019 жылы шығады. 

Сонымен қатар, суретші Қанат Нұртазин арнайы Tengrinews.kz үшін "Тақтар ойыны" кейіпкерлерін Астанаға "әкелді"


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай