06 қыркүйек 2015 09:32

Атақты режиссер Эльдар Рязанов жүрек талмасына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Атақты режиссер Эльдар Рязанов жүрек талмасына ұшырап, Мәскеудің ауруханасында жатыр, - деп хабарлайды Life News.


Атақты режиссер Эльдар Рязанов жүрек талмасына ұшырап, Мәскеудің ауруханасында жатыр, - деп хабарлайды Life News.

Жалғасы

Жедел жәрдемді режиссердің туыстары шақырған. Олар Рязановтың өміріне қатты алаңдаған. Дәрігерлер бригадасы науқастың денсаулығын қарағаннан кейін оны астанадағы емханалардың біріне жатқызу туралы шешім қабылдапты. Алдын ала диагноз - инфаркт.

Тамыз айының соңында Эльдар Рязанов Бакулев атындағы институттан шығарылды. Сол уақытта дәрігерлер оның денсаулығының оңалып келе жатқанын айтқан еді. Рязанов осының алдында да жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға түскен болатын. 87 жастағы режиссер ауруханада ем-дом қабылдады. 

Эльдар Рязанов - кеңес одағының және Ресейдің кинорежиссері, сценарист, актер, педагог, тележүргізуші, жазушы және продюсер. "Зигзаг удачи", "Старики-разбойники", "Невероятные приключения итальянцев в России", "Ирония судьбы, или С легким паром!", "Служебный роман", "Вокзал для двоих" фильмдерін түсіргеннен кейін атақты бола түсті. Эльдар Рязанов - КСРО-ның халық әртісі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети