22 қаңтар 2016 17:14

"Аватар-2" фильмінің премьерасы белгісіз уақытқа шегерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fanshare.com © fanshare.com

Джеймс Кэмеронның "Аватар" фильмінің сиквелі белгісіз уақытқа шегерілді, - деп хабарлайды The Wrap.


Джеймс Кэмеронның "Аватар" фильмінің сиквелі белгісіз уақытқа шегерілді, - деп хабарлайды The Wrap.

Twentieth Century Fox кинокомпаниясы 2009 жылы шыққан "Аватар" фантастикалық экшн фильмінің жалғасы қашан шығатынын айта алмады. Фильмді түсірушілердің кем дегенде екі сиквел түсіргісі келетіні белгілі. "Аватардың" екінші бөлімі 2017 жылдың соңында шығады делінді, бірақ кейін кем дегенде тағы бір жылға шегерілген.

Еске салайық, "Аватар" фильмі кинематография тарихында ең көп табыс тапқан фильм, картина 2,79 миллиард доллар табыс әкелді. Екінші орында "Титаник" лентасы тұр (2,19 миллиард доллар). Екі картинаны да Кэмерон түсірген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети