17 қараша 2016 11:25

Айсұлу Әзімбаева Ақан Сатаевтың жаңа картинасында басты рөлде ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айсұлу Әзімбаева Айсұлу Әзімбаева

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев "Она" атты жаңа фильмінің жұмысын бастап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев "Она" атты жаңа фильмінің жұмысын бастап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Психологиялық триллердің басты рөлінде Айсұлу Әзімбаева ойнайды ("Препод", "Джокер"), сонымен қатар, осы фильмнің идеясы да оған тиесілі. 

"Мен Айсұлу Әзімбаеваны "Көңілдес әйел" қойылымында көргенмін, ол онда басты рөлде ойнады. Спектакльден кейін біз сөйлесіп, жаңа бір картина түсіретін болып келістік. Айсұлу нағыз әртіс. Ол бізге фильмнің идеясын айтып берді. Сосын бізге Тимур Жақсылықов қосылды. Бұл біздің ортақ ойымыз. Міне, бір жыл өткен уақытта біз жаңа "Она" фильмінің өндірісін бастадық. Бұл психологиялық триллер. Мен бұл жанрды жақсы көремін. Біз бұрындары осы жанрда Андрей Мерзликинның қатысуымен "Адасқандар" фильмін түсіргенбіз", - деді Ақан Сатаев.

Түсірілімдер 2016 жылы 5 қарашада басталып, 29 қарашаға дейін созылады. Барлық түсірілімдер Алматыда өтеді. Картина 2017 жылы көктемде шығады деп жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети