01 шілде 2015 09:52

Бен Аффлек пен Дженнифер Гарнер ажырасатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бен Аффлек және Дженнифер Гарнер. © EPA Бен Аффлек және Дженнифер Гарнер. © EPA

Голливудтың танымал жұлдызы Бен Аффлек жары Дженнифер Гарнермен ажырасады, - деп хабарлайды TMZ. Бұл туралы актердің арнайы өкілі айтты.


Голливудтың танымал жұлдызы Бен Аффлек жары Дженнифер Гарнермен ажырасады, - деп хабарлайды TMZ. Бұл туралы актердің арнайы өкілі айтты.

Порталдың хабарлауынша, олар мүлікті өзара бөліскеннен кейін ажырасады. 42 жастағы Аффлек пен 43 жастағы Гарнер достық қарым-қатынасты сақтап, ары қарай да араласып тұратын болады. Олар үш баласын бірге тәрбиелеп, оларға бірдей уақыт бөледі.

Айта кетейік, олардың ажырасатыны туралы мәлімет ақпарат құралдарына 2015 жылдың мамырында пайда болған еді. Ал сәуірде Гарнер туған күнін Канадада күйеуінің қатысуынсыз атап өтті.

Бен Аффлек пен Дженнифер Гарнер 2005 жылы үйленді. Актерлер 2001 жылы "Перл Харбор" фильмінің түсірілім жұмыстары кезінде танысқан. Олардың үш баласы бар: 9 жастағы Вайолет есімді қызы, алты жасар Серафина мен үш жасар Самюэль.

2002 жылы Бен Аффлек әнші Дженнифер Лопеспен неке қиды. Олар 2004 жылы атастырылды. Лопес Аффлектің өміріндегі ең үлкен махаббаты болғанын әлі күнге дейін айтады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети