15 қаңтар 2016 11:20

Берік Айтжанов пен Аша Матай ойнайтын "16 қыз" фильмінің трейлері шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берік Айтжанов Берік Айтжанов

Режиссер Қанағат Мұстафиннің "16 қыз" атты романтикалық комедиясы 3 наурыз күні прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Режиссер Қанағат Мұстафиннің "16 қыз" атты романтикалық комедиясы 3 наурыз күні прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картинада басты рольдерде Берік Айтжанов, Аша Матай мен Әнуар Нұрпейісов ойнайды. 2014 жылдың тамызында басталған түсірілім жұмыстары Алматы, Баянауыл, сонымен қатар, Астана мен Қарағандыда өтті.

"16 қыз" фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жігіттің оқиғасын баяндайды. Бас кейіпкердің ата-анасы балаларына қалыңдық іздейді. Бауыржан болса махаббатпен үйленгісі келеді. Ал оның таңдауы Айжан басқа адаммен атастырылып қойған. Әкесінің көңілін қалдырғысы келмеген қыз сүйіктісінен бас тартады.

Фильмнің сценарий авторлары - Қанағат Мұстафин мен Жанат Қасбеков, ал продюсер - Айдархан Әділбаев.


Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети