Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бизнесмен қазақ тіліндегі фильмді прайм-таймда көрсету үшін кинотеатрдың бір залын сатып алды

17 Наурыз 2016, 12:52
1

Бизнесмен Қуаныш Шонбай "16 қыз" фильмін қазақ тілінде прайм-таймда көрсету үшін кинотеатрлардың бірінің залын сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл акциясымен ол қазақ тіліндегі фильмдерді прайм-таймдарда көрсетілмейтіндігі турасындағы мәселеге назар аударғысы келіпті. "Қоғамдастық пен біздің блогерлер прокатшылардың біздің фильмдерді шеттететінін, оларды таңғы сағат 10-ға қоятынын айтып, шағымданып жатыр. Сосын мен кинотеатрларға адам көп келетін кешкі уақытта залды сатып алуды ұсындым. Қазақ киносының қызық екенін және жақсы прокат жинай алатынын көрсеткіміз келді. Азаматтық позициямды көрсеткім келді", - деді Шонбай. 

Ол Кинодағы тіл мәселесін, отандық кино мәселесін кешенді түрде шешу керек деп есептейді. "(...)  Мұнымен мемлекеттің айналысуы керектігі белгілі. Бірақ біз белсенді азаматтар күтпеуіміз керек. Кеннеди айтпақшы, бізге отан не береді деп емес, біз елге не бере аламыз деп ойлауымыз керек. Бірнеше ой, жоба бар. Ортақ күшіміздің арқасында қазақ тілін, мәдениетімізді, киномызды дамыта аламыз деп ойлаймын", - деді Шонбай. 

Режиссер Қанағат Мұстафиннің қазақстандық комедиясы 17 наурызда 19.30-да көрсетіледі. Chaplin кинотеатрының басшылығы 154 адамға арналған үлкен залын ұсынды. Кіру тегін, тек осы жазбаға пікір ретінде киноға баратынын жазу керек екен. "Кіру тегін, бірақ қаласаңыздар, билет құнының ақшасын балалар бақшасының балаларына попкорндар мен сусындар алып берулеріңізге болады (40 бала)", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай