Джеймс Кэмерон "Аватар" фильмінің төрт бірдей жалғасын қатар түсіріп жатыр

26 Қыркүйек 2017, 14:59
0
Джеймс Кэмерон "Аватар" фильмінің төрт бірдей жалғасын қатар түсіріп жатыр - © REUTERS
© REUTERS

Режиссер Джеймс Кэмерон 2009 жылы шыққан "Аватар" фильмінің жалғасын түсіруге кірісті. Режиссер төрт фильмнің түсірілім жұмыстарын қатар бастады, - деп жазады Hi-news.ru.

Басылымның мәліметінше, "Аватар" картинасының әлі төрт фильмі шығады. Режиссер барлығын бір уақытта түсірмекші екен, бірақ олардың көрсетілу аралығы 1-3 жыл болады. Картинада осыған дейінгі актерлер Сэм Уортингтон, Зои Салдана, Джоэль Мур, Сигурни Уивер мен тағы басқалары болады. Сондай-ақ, фильмге "Тақтар ойыны" сериалының актерлері Клифф Кертис пен Уна Чаплин түседі.

Kinopoisk.ru мәліметінше, түсірілім жұмыстары Калифорния штаты Манхэттен-Бич қаласында басталды. Фильмнің бюджеті - 1 миллиард доллар. "Аватар 2"  кинотеатрлардан 2020 жылдың 18 желтоқсанында, "Аватар 3" 2021 жылдың 17 желтоқсанында, "Аватар 4" 2024 жылдың 20 желтоқсанында, ал "Аватар 5" 2025 жылдың 19 желтоқсанында кинотеатрлардан көрсетіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай