Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Джунгли кітабы" фильмінің кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейді

18 Наурыз 2016, 18:12
0

Осы көктемнен бастап тұңғыш рет еліміздің барлық кинотеатрларында ондаған ұрпақтың балалық шағының сүйікті кейіпкері болған - Маугли қазақ тілінде сөйлейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Книга Джунглей"/"Джунгли кітабы" адамзат өте алмайтын ну орман арасында, қасқырлармен арпалысып, аңдармен қатар жүріп, шыңдалған, кішкентай адам баласы туралы эпикалық шытырман оқиғалы жаңа кинофильм. Акела, аю Балу, пантера Багира - әрқайсысы қорғансыз қалған Мауглиға джунглидің күрделі заңын үйренуге, аң, құс және жылан тілін түсінуге көмектеседі. Дубляждау жұмыстары отандық Aray Мedia Group кәсіби дыбыс жазу студиясында, ал ақтық дубляждау жұмыстары Лондондағы Shepperton студиясында іске асырылды. 

Дубляждың режиссері - Айжан Жамшитова. Ол бұдан бұрын жасалған "Күлбике", "Малефисента", "Көліктер" және өзге де анимациялық фильмдердің дубляждарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған. Дубляждау жұмыстарына он төрттен жоғары қазақстандық актерлар тартылды. "Джунгли кітабының" басты кейіпкерлеріне Бекболат Құрманғожаев (Багира), Ислам Зейноллаев (Шер-Хан), Айнұр Бермағанбетова (Каа), Ақарыс Өтеулов (Маугли) сынды өнер майталмандары өздерінің дауыстарын сыйлады.

Жоба ұйымдастырушылары: "Болашақ" Қауымдастығы, Алматы қаласы әкімшілігінің және "Меломан" компаниясының қолдауымен. Жобаның бас демеушілері: "Bank RBK" АҚ, "Exclusive Story" ЖШС.

Айта кетейік, түпнұсқаны дыбыстаған актерлар: Бен Кингсли, Скарлетт Йоханссон, Билл Мюррей, Кристофер Уокен, Лупита Нионго, Идрис Эльба. Бәрімізге балалық шақтан таныс джунглидің ну орманында адасып кетіп, қасқырлар арасында өсетін кішкентай Маугли оқиғасы үлкен экранға қайта оралады.

Дисней студиясы осыған дейін "Джунгли кітабының" негізінде тұңғыш рет 1967 жылы ұсынған классикалы анимациялық фильм сюжетінен басталған оқиғаны жаңа "Джунгли кітабы" көркем фильміне айналдырады.
Сөжет бойынша, өте қауіпті, азуы алты қарыс жолбарыс Шерханмен үздіксіз күрес жүргізіп келе жатқан Маугли, қасқырлар үйірін тастап кетіп, жаңа өмір бастауға мәжбүр болады. Оны алда пантера Багира, аю Балу, питон Каа және өзге де джунглидің ну орманында өмір сүретін жануарлармен қызық та, қиын жол күтіп тұрған болатын.

Айта кетейік, Disney студиясының "Джунгли кітабы" атты жаңа шытырман оқиғаға толы фильмді түсіру барысында заманауи технологиялар, фотореалистік жануарлар суреттері қолданылды. Бұл өз кезегінде көрермендерге жабайы табиғаттың тылсым көріністерін көз алдына барынша шынайы елестетуге және Мауглидің шытырманға толы ерлік істеріне куә болуға мүмкіндік береді.  Мауглидің роліне мыңдаған үміткердің ішінен он жастағы Нил Сетхи таңдап алынды. 1890 жылдардың басында Вермонт қаласында жазушы Редьярд Киплинг қысқа әңгімелермен жұмыс жасай отырып оны "Джунгли кітабы" шығармалар жинағына топтастырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай