24 ақпан 2018 16:15

Ермек Тұрсынов Қазақстан кинематографистер одағын басқаратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© camonitor.kz © camonitor.kz

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов кезекті съезд кезінде Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов кезекті съезд кезінде Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Иә, жиналыс жаңа ғана аяқталды. Біз қазір ғана шықтық. Шамамен 106 адам дауыс берді", - деді Тұрсынов.

Режиссер жаңа қызметі бойынша қандай жоспары бар екенін ашып айтпады. "Әрине, жоспарлар бар, бірақ мен барлығын бірден жариялағым келмейді. Қазір ғана барлығы аяқталды, алдымен отырып, ойланып, көру керек", - деді ол.

Тұрсыновтан басқа тағы екі үміткер қатысты - Ғали Мырзашев және Ахат Ибраев.

Айта кетейік, режиссер Сләмбек Тәуекел мен Ахат Ибраев 2016 жылы Қазақстан кинематографистер одағының теңтөрағасы болды.

Ермек Тұрсынов 2008 жылы "Келін" фильмін түсіріп, өзінің режиссерлік мансабын бастады. Қазақ режиссерінің бұл туындысы американдық "Оскар" кинобайқауының "Үздік шетелдік фильм" аталымы бойынша жартылай финалына шыққан тоғыз фильмнің қатарынан көрінді.

2009 жылы "Мәмлүк" атты жаңа романы шықты, ол орта ғасырдағы Шығыстың атақты қолбасшысы, Мысырдың және Сирияның сұлтаны Бейбарысқа арналды.

2012 жылы Эрнест Хэмингуэйдің "Шал мен теңіз" хикаясы желісі бойынша түсірілген "Шал" фильмі жарыққа шықты. Алматыда өткен "Жыл таңдауы" XIII фестивалінде "Шал" "Жыл фильмі" деп танылып, "Құлагер" ұлттық сыйлығына ие болды. 2013 жылы "Киношок" фестивалінде фильм гран-приді жеңіп алды.

2014 жылы наурызда "Кемпір" атты отбасылық комедия шықты. 2015 жылы қаңтарда "Кенже" атты фильмінің тұсауы кесілді, ол трилогияның қорытынды бөлімі болды ("Келiн", "Шал", "Кенже").

2015 жылы қыркүйекте "Жат" фильмі Торонтодағы кинофестивальде көрсетілді, оның сценарийін режиссер 25 жыл бұрын диплом жұмысы үшін жазған. "Жат" фильмі өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен жайттар баяндалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети