10 қазан 2015 09:30

Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілер тізімінде тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жат" фильмінен алынған кадр "Жат" фильмінен алынған кадр

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілердің тізіміне "Шетел тіліндегі үздік фильм" категориясы бойынша кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілердің тізіміне "Шетел тіліндегі үздік фильм" категориясы бойынша кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жат" фильмі өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен жайттар баяндалады. Бостандығын сақтау үшін ол қоғамдық қысымға тап болады. Айта кетейік, "Жат" фильмінің сценарийін Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысы үшін жазған.

Лонг-парақшаға - киноакадемия сыйлығынан үміттілердің алдын ала тізіміне 81 ел кірді. Ол тізім қосымша іріктеуден кейін тоғыз үміткерге дейін қысқарады, олар шорт-парақшаға енеді. Ол келесі жылдың 14 қаңтарында жарияланады. 2016 жылы 28 ақпанда өтетін салтанатқа бар болғаны бес картина жолдама алады.

Айта кетейік, 2013 жылы Тұсыновтың "Шал" атты картинасы "Оскар" сыйлығынан үміттілердің қатарында болып, шорт-парақшаға іліге алмай қалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети