20 желтоқсан 2015 20:15

"Эверест" фильмінің постеріндегі суреттің авторы қазақстандық альпинист болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чапаев шыңы Чапаев шыңы

"Эверест" фильмінің постеріндегі суреттің авторы қазақстандық танымал альпинист Александр Зырянов болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Эверест" фильмінің постеріндегі суреттің авторы қазақстандық танымал альпинист Александр Зырянов болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Суреттің авторы бұған алғаш көз жеткізгенде таңғалыпты. Суретте Чапаев шыңы бейнеленген. Бұл суретті Зырянов 2010 жылы Хан Тәңірі шығынан түсіріпті. Кейін ол фотографияны халықаралық фотобанкке жүктепті. Фотобанктегі осындай суреттердің құны 30 цент шамасында, алайда бұл сурет бірнеше рет сатылыпты. Зырянов тіпті 62,50 доллар алыпты. Сөйтсе, осыдан кейін сурет "Эверест" фильмінің постері ретінде шығыпты...


Хан Тәңірі шыңының Батыс жотасынан Чапаев шыңына (6371 метр) және Жеңіс шыңына (суреттің сол жағында) ашылатын көрініс


Жоғарыдағысы Зыряновтың суреті, ал төменгісі фильм постері

Зырянов болса "Эверест" фильмін қуана-қуана көргенін айтады, себебі онда қазақстандық Анатолий Букреевтің шыңды бағындырғаны және кейінірек қаза болғаны баяндалады. Анатолий 1996 жылдың 10 мамырында Эверест шыңына жасалған экспедицияның ("Эверест" фильмінің сюжеті болған оқиғадан алынған) мүшесі екен. Сол кезде 33 адам Жердің ең биік тауын бағындыру үшін шығады. Олардың көбі шыңды бағындырды. Бірақ бесеуі қайтар жолда тау бөктерінде тұра алмай қалған. Букреевтің адамдары аман-есен қайтқан. Кейін Букреев сол адамдарды құтқару үшін тауға қайта шығып, лагерьге жеткізген. Букреев үш адамды құтқарыпты. 

Айта кетейік, 2015 жылдың 1 қарашасында "Эверест" фильмі 55 000 000 доллар бюджетімен прокаттан 175 200 000 доллар қаражат түсірді, яғни фильм прокатынан түскен қаражат - 120 миллион доллар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети