22 сәуір 2018 10:58

Головкиннің досы болған "Гарри Поттер" актері дүниеден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter/wbcmoro © twitter/wbcmoro

АҚШ-та, кеше, 21 сәуірде Гарри Поттерде ойнаған 49 жастағы актер, стендап-комик әрі каскадер Верн Тройер қайтыс болды, деп хабарлайды америкалық TMZ порталы.


АҚШ-та, кеше, 21 сәуірде Гарри Поттерде ойнаған 49 жастағы актер, стендап-комик әрі каскадер Верн Тройер қайтыс болды, деп хабарлайды америкалық TMZ порталы.

Басылымның мәліметінше, актер Лос-Анджелестегі ауруханада қайтыс болған, ол онда сәуірдің басында жатыпты. Деректерге сенсек, Тройер алкогольден ауыр уланған. Мәліметтер бойынша, актер бірнеше жылдан бері ішімдікпен күрескен.

Тройер генетикалық ақаумен туылған - оның бойы 81 сантиметр ғана болды. Ол "Остин Пауэрс" фильмінен кейін танымалдыққа ие болған актер. Сонымен қатар, "Гарри Поттер и философский камень", "Парень из пузыря", "Люди в черном", "Гринч - похититель Рождества", "Воображариум доктора Парнаса", "Сабрина - маленькая ведьма" фильмдерінде ойнаған.


Верн Тройер. © Sky News

Верн Тройер боксты жақсы көрген және ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің досы еді. Бұл жөнінде Twitter желісінде Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман жазды.

"Бокстың жанкүйері, Геннадий Головкиннің және біздің ұйымның досы болған Верн Тройердің өлімі туралы естігенде қатты қамықтым. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды ол, актердің суреттерін жариялап.

Головкин де досын қайғыра еске алды. "Жатқан жерің жайлы болсын, досым - жүрегі үлкен кішкентай жігіт", - деп жазды боксшы Twitter желісінде.


© twitter

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети