18 қазан 2016 16:33

Италиялық Сан-Карло солистері "Астана Опера" сахнасында өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана Опера" театрының баспасөз қызметі "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі

29 қазан күні елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында "Астана Опера" театрының жарқыраған әртістері мен неаполитандық Сан-Карло театрының белгілі әртістерінің қатысуымен керемет Гала-балет ұсынылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


29 қазан күні елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында "Астана Опера" театрының жарқыраған әртістері мен неаполитандық Сан-Карло театрының белгілі әртістерінің қатысуымен керемет Гала-балет ұсынылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концерт "Астана Опера" Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижері - Арман Оразғалиев.

Сан-Карло театры атынан 6 солист келеді, соның екеуі - миландық Ла Скаладан шақырылғандар: кербез Антонелла Альбано және жүректі баурап алатын Маурицио Личитра. Неаполитандық Сан-Карло театрының жарқыраған жұбы - Анна Кьяра Амиранте және Алессандро Стайано мен Клаудиа Д'Антонио және Сальваторе Мандзо классикалық және заманауи хореграфиялық нөмірлерді орындайды. Сондай-ақ, елордалық көрермен назарына "Blаck stone", "TangOnPoint" және тағы басқа жаңа миниатюралар ұсынылмақшы.

"Бағдарламаға тоқталсақ, қазіргі заманғы "Black stone" ("Қара тас") номері жайлы бірер сөз айтқым келеді. Оны Анна Кьяра Амиранте және Алессандро Стайано орындайды. Талантты италяндық қоюшы Джанлуки Скьявонидің хореографиясы. Физикалық күштің дене сезімталдығымен үйлесуі, бұл үзіндіні нағыз гауһарға айналдырады. Клаудиа Д’Антонио  мен Сальваторе Мандзоның орындауындағы  тағы бір қызықты номер - "Кармина Бурана" - тасыған күш-қуаттың тамаша көрінісі. Әртістердің қимыл-қозғалысы адам сенгісіз әсем, бұл номерде дене мен беттің бейнелілігіне ерекше мән берілген", - деп атап өтті Сан-Карло театрының басшылығы.

 

"Біз Сан-Карло театрындағы достарымызды көретінімізге қуаныштымыз, олар бұған дейін театрымызға бүкіл кордебалет құрамымен келіп, "Жизель" балетін қойған. Біздер, әртістер үшін мұндай кездесулер өте маңызды, өйткені өзара тәжірибе алмасып, жағымды сезімнен қуат аламыз, ал, оның бәрі кейін біздің көрерменге беріледі", - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Ғатауов.

"Астана Опера" әртістері де елорда тұрғындары мен қонақтары үшін бірқатар тосын сый дайындады. Гала-балет бағдарламасы аясында таяуда ғана Балет әртістерінің ІІІ халықаралық байқауының жеңімпазы атанған Бақтияр Адамжан мен Серік Нақыспеков, байқауда жеңіске жеткізген заманауи нөмерлерін орындайды. «Астана Опера» театры балетінің жаңа солисті Олжас Тарланов, П. Чайковскийдің "Аққулы көл" балетінен Па-де-дені театрдың жетекші солисті Әйгерім Бекетаевамен бірге орындап, алғаш рет Зигфридтің рөлін сомдайды.

Өз өнерін көрерменге тарту ететін театрдың жетекші солисттері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева және Әнел Рүстемова. Сонымен қатар, "Астана Опера" сахнасында сирек орындалатын Ф. Шопеннің "Елестегі бал" балетінен дуэт Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гауһар Усина мен Жандос Әубәкіровтің орындауында ұсынылады, сондай-ақ бағдарламада Д. Брянцевтің хореографиясы және тағы басқалары бар.  

"Астана Опера" театры балетінің көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова. Гала-балет Италия елшілігінің қолдауымен, Италияның Қазақстандағы мәдени күндерінің аясында өтеді. Концерт 18:00 басталады, билет бағасы 500 теңгеден жоғары.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети