06 мамыр 2015 12:21

Желіде "Рэкетир-2" фильмінің түсірілімі жазылған эксклюзивті кадрлар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Рэкитир-2" фильмінің ресми постері "Рэкитир-2" фильмінің ресми постері

Желіде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир-2" фильмінің түсірілімі жазылған эксклюзивті кадрлар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир-2" фильмінің түсірілімі жазылған эксклюзивті кадрлар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан олардың композитор Ренат Гайсинге арналған жұмыс кадрлары екені байқалады. Видеожазбалардың желіге қалай түскені туралы фильмді жасаушылар әзірше түсінік берген жоқ. Еске сала кетейік, көптен бері күтілген фильмдердің бірі "Рэкетир-2" тұсаукесері 23 мамырда Республика Сарайында өтеді, лента прокатқа 28 мамырда шығады.

"Рэкетир-2" фильмінің сценарийі құпия сақталып отыр, алайда драманың басты кейіпкері Саянның (Саят Исембаев) экранға қайта оралатыны белгілі. Еске сала кетейік, бірінші бөлімнің аяғында Саянды үйінің ауласында белгісіз үш адам жарақаттап, өлім алдында қалдырып кетеді. Тағдыр оған әділ жазасын алу үшін екінші мүмкіндік береді.

Айта кетейік, "Рэкетир-2" криминалдық драмасы Алматы, Қарағанды, Астана және Шымкент қалаларында қыркүйек айынан бастап түсіріле бастады. Көрермендер картинаның бірінші бөліміне түскен актерларды көре алады - Саят Исембаевты, Жан Байжанбаевты және Әсел Сағатованы. Оларға Аружан Жазылбекова ("Қазақша тонау"), Максим Акбаров ("Қызғылт қоян туралы ертегі"), Азамат Сатыбалды ("Жұлдызға арналған коктейль"), Аян Өтепберген ("Жаужүрек мың бала"), Дастен Шәкіров пен Фархад Әбдірайымов қосылады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети