23 тамыз 2016 16:21

Желіде Санжар Мәдиев түскен "Қорғаушылар" фильмінің трейлері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санжар Мәдиев Хан ролінде Санжар Мәдиев Хан ролінде

Желіде ресейлік "Қорғаушылар" фильмінің трейлері пайда болды. Оның режиссері Сарик Андреасян, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Суперқаһарман Ханның ролінде қазақстандық актер Санжар Мәдиев ойнайды.


Желіде ресейлік "Қорғаушылар" фильмінің трейлері пайда болды. Оның режиссері Сарик Андреасян, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Суперқаһарман Ханның ролінде қазақстандық актер Санжар Мәдиев ойнайды.

Түсірілім жұмыстары 2015 жылы сәуір айында болған. "Қорғаушылар" кинокомиксінде кеңестік республикалардан құралған суперқаһармандардан құралған жасақ туралы айтылады. Олар ақыл-есінен адасқан ғалым Август Куратовпен (Станислав Ширин) айқасқа түседі.

Орыс суперқаһарманы болып Антон Пампушный ойнайды, ол орасан зор күшке ие әрі аюға айнала алады. Қорқуды білмейтін армян суперқаһарманын Себастьян Сисак Григорян ойнайды, ол тастарды басқара алады. Судың ішінде көрінбей қалатын қыздың ролінде Алина Ланина ойнайды. Санжар Мәдиев жел секілді жылдам қазақтың суперқаһарманы Ханды сомдайды.

"Қорғаушылар" картинасы "Кек алушылар" және "Икс адамдар" фильмдерінің аналогы делінеді. Киноның премьерасы 2017 жылдың ақпан айына жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети