Жылдық табысы ең жоғары актері анықталды

22 Тамыз 2017, 15:47
0
Жылдық табысы ең жоғары актері анықталды - © REUTERS/Hannah Mckay
© REUTERS/Hannah Mckay

Америкалық актер Марк Уолберг Forbes журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың табысы ең жоғары актер атағына ие болды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Бір жыл ішінде Уолберг 68 миллион доллар табысқа кенелген. Бұл соманың басым бөлігін актер "Здравствуй, папа, Новый год! 2" және "Трансформеры: Последний рыцарь" фильмдерінің гонорары ретінде алыпты. 


© REUTERS

Екінші орында Дуэйн Джонсон. Ол "Спасатели Малибу" және "Джуманджи" фильмдерінің жаңа нұсқаларынан, сондай-ақ, "Футболисты" сериалы арқылы 65 миллион доллар табыс көріпті.


© REUTERS

Үштікке Вин Дизель 54,5 миллион долларымен ілініп отыр. Актердің табыс көздерінің ішінде "Форсаж" фильмінің сегізінші бөлімі мен "Три икса" франшизасының үшінші фильмі, сондай-ақ, "Галактика сақшылары" сиквеліндегі Грут есімді кейіпкердің даусын салғаны үшін алған гонорары аталады. 

Ондыққа мына актерлер кіріп отыр: Адам Сэндлер (50,5 миллион доллар), Джеки Чан (49 миллион), Роберт Дауни (48 миллион), Том Круз (43 миллион) және Болливудтың үш актері - Шахрукх Кхан (38 миллион), Салман Кхан (37 миллион) және Акшай Кумар (35,5 миллион).

Ал 2017 жылдың табысы ең көп актрисасы Эмма Стоун болды. Ол 12 ай ішінже 26 миллион доллар табыс көріпті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай