07 қаңтар 2015 15:38

Қазақ-испан бірлескен деректі фильмі California Film Awards жүлдесін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ecorepublicano.es ©ecorepublicano.es

Қазақстан мен Испания бірлесіп түсірген "Қарағандыда ұмытылғандар" (Los olvidados de Karagandá) атты деректі фильм АҚШ-та California Film Awards жүлдесін "2014 жылдың үздік деректі фильмі" номинациясы бойынша жеңіп алып, гауһар жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан мен Испания бірлесіп түсірген "Қарағандыда ұмытылғандар" (Los olvidados de Karagandá) атты деректі фильм АҚШ-та California Film Awards жүлдесін "2014 жылдың үздік деректі фильмі" номинациясы бойынша жеңіп алып, гауһар жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Nexos қауымдастығы 2014 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің қаржылай қолдауымен Қарлагта жаза өтеген испаниялықтар туралы 50 минуттық деректі фильм түсірді. Бұған 2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Испания үкіметінің басшысы Мариано Рахойға Қарлаг тұтқындары туралы 152 мұрағат құжатын беріп жіберуі негіз болды.  

Деректі фильмде Испания азаматтарының Қарлагтағы бастан кешкендері мен сол оқиғалар куәгерлерінің мәліметтері жария етіледі. Бұл адамдар, негізінен, Испания республикалық партиясы мен "Көгілдір дивизияның" өкілдері, елдегі Азаматтық соғыс пен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде олардың әрекеті түрліше бағаланып, мұның ақыры Қазақстандағы саяси лагерьлердің біріне түсуге әкеліп соқты. Фильмде жеке адам мен тұтас ұжымның тағдыры үшін жауласушы тараптарға одақтастарға айналуға тура келетіні, сөйтіп, бітімгершіліктің жолын табу мен тарихтан оң сабақ алудың дұрыстығы суреттеледі. 

Деректі туындыда Қарлагта болғандардың ұрпақтары мен тарихшыларға тұтқындардың жаза өтеген орындары және жерленген жерлері көрсетіліп, азап абақтысынан тірі қалғандар мен жергілікті тұрғындардың сұхбаттары беріледі. 

2014 жылдың 18 қарашасында Испаниядағы Қазақстан елшілігі EFE халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен "Қарағандыда ұмытылғандар" фильмін ресми түрде таныстырды. Фильмнің таныстырылуы Испания жұртшылығы арасында қызу талқыланды. Ақпарат құралдары Қазақстанның Испанияға көрсеткен татулық ишараты туралы жарияланымдар таратты. Әсіресе, Қазақстанның бұрынғы КСРО елдері арасынан Испанияға мұрағат құжаттарын ресми түрде ұсынған алғашқы ел екені баса айтылды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети