11 мамыр 2017 11:24

"Қазақфильм" "Тұмар" атты ауқымды тарихи жобаға кастинг жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі © "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

"Қазақфильм" киностудиясы биылғы жылдың ең ірі жобаларының бірі - массагеттердің патшайымы туралы "Тұмар" атты тарихи жобаға актерлар арасында кастинг жариялады. Бұл фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Sataifilm" кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақфильм" киностудиясы биылғы жылдың ең ірі жобаларының бірі - массагеттердің патшайымы туралы "Тұмар" атты тарихи жобаға актерлар арасында кастинг жариялады. Бұл фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Sataifilm" кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, фильмнің режиссері - Ақан Сатаев, бас продюсері -  Әлия Назарбаева, ал сценарий авторлары - Әлия Назарбаева мен Тимур Жақсылықов, ал қоюшы операторы - Хасан Қыдырәлиев

Кастингке 16 жастан жоғары барлық қазақстандық қатыса алады.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 12 мамырдан бастап кастинг Алматыда мына мекенжай бойынша өтеді : Әл-Фараби даңғылы, 176 үй , "Қазақфильм" киностудиясы, "Двухпавильонник" ғимараты,3-қабат.

Ал 15 және 16 мамырда кастинг Астанада мына мекенжай бойынша өтеді: Ілияс Есенберлин көшесі, 10 үй, "Жастар" балалар мен жасөспірімдер театры.

"Кастинг екі қалада - Алматы мен Астанада өтеді. Кейін басқа қалаларға да барып кастинг өткіземіз деген жоспарымыз бар. Кастингке келетін бойжеткендер бет бояусыз келгендері абзал", - деді жобаның кастинг-директоры Жайна Әбдиева.

Кастингке қатысам деушілер көрсетілген мекен-жайға сағат 9:00-18:00 аралығында келуі тиіс.

Сонымен қатар, casting_satai@mail.ru электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдай аласыз:
1.    Жақыннан (анфас және профиль),  белге дейін және басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, көзілдіріксіз және өзгертілмеген фотосуреттерді;
2.    Туылған жылыңыз бен тұратын қалаңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, ұлтыңыз бен біліміңіз, жұмыс орны мен мамандығыңыз туралы, сонымен қатар, қандай спорт түрімен айналысатыныңыз, кинодағы тәжірибиеңіз (сериалдар мен бейнеклиптер), музыкалық немесе би өнеріңіз туралы ақпараты бар анкета жолдау керек.

Назар аударыңыз! Өзіңізбен байланысу үшін телефон нөміріңізді жазып жіберуіңіз керек.

Айта кетейік, бұл ұлы тарихи оқиға екі жарым мың жыл бұрын орын алған. Фильм өз халқының бостандығы үшін күрескен, аты аңызға айналған ұлы дала қызы - Тұмар патшайымның махаббат тарихы туралы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети