Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық "Петля" фильмі YouTube-те рекорд жаңартты

24 Қазан 2014, 15:47
0
Фильм постері
Фильм постері

Жас режиссер Мирас Төлеухановтың "Петля" деп аталатын фильмі отандық кинотуындылардың қатарында YouTube порталындағы ең көп көріліп жатқан фильм болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лента порталда 2014 жылдың 6 наурызында жарияланды және 5 миллионнан астам көрілім жинады. Режиссердің айтуынша, қазақстандық "Петля" фильмін әлемнің 224 елінің көрермендері көрген. Айта кетейік, фильм қараша айында Мәскеуде өтетін "Отражение" жастар кинофестивалінде көрсетіледі.

Мирас Төлеуханов толықметражды тұңғыш жұмысының түсірілімдерін 2011 жылдың шілде айында бастаған. Түсірілім жұмыстары Алматыда болды. Туынды Талант және Арна есімді жастардың отбасындағы оқиғаны баяндайды. Олар - ажырасу алдында. Жеке бастарындағы қиын ахуалмен бірге, кейіпкерлер қылмыстық әлемнің беделді адамдарымен байланысады.

Картинада басты рөлдерді Ганз Әжікенов, Умида Мұхитдинова, Жандос Амангелдиев және Анна Шуткина сияқты жас актерлер сомдаған.

Сонымен бірге, режиссер фильмнің жалғасын түсіруге дайындалып жатыр, қазір олар жобаға инвестор іздеу үстінде. Айта кетейік, кинематографиске қолдау көрсетемін деген әркім де оның есепшотына ақша аудара алады. 

"Бірінші бөлімінің бюджеті шамамен 50 мың доллар болды, оның өзі түсірілім соңында пайда болды. Екінші бөлімінге, әрине, көбірек, мөлшермен 300-400 мың доллардай іздейміз. (...) Екінші бөлімі мүлдем басқа фильм болады, біріншіден, сапасы жағынан, ал екіншіден әсерлі сюжет", - деді ол. 

"Петля" фильмін мына жерден көре аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай