"Қазақстан" телеарнасы отандық телекөрсетілімінің рейтингке ие болған хикаяларының бірі - "Келін" үнді көркем фильмін көрсетуді аяқтады. 4 тамызда эфирде қорытынды эпизоды көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz басылымы Қазақстан Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан" телеарнасы отандық телекөрсетілімінің рейтингке ие болған хикаяларының бірі - "Келін" үнді көркем фильмін көрсетуді аяқтады. 4 тамызда эфирде қорытынды эпизоды көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz басылымы Қазақстан Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бір жарым мың сериядан құралған "Келін" хикаясының әсерлі сюжеті мыңдаған қазақстандықты баурап үлгерді. Олардың барлығы дерлік фильмнің кейіпкерлерімен бірге күн сайын махаббаттың, өкініштің, сатқындықтың және шытырман оқиғалардың куәсі болды. Өздері сүйіп үлгерген актерлерінің Қазақстанға келуін асыға күтетін. 2014 жылы "Қазақстан" РТРК арнайы шақыруымен Астанаға Ананди ролінің сомдаушысы - Авика Гор келсе, үстіміздегі жылы Астанада "Келін" хикаясындағы Шив - Сиддхарт Шукла келді. Қос актер де мыңдаған адамнан құралған фанаттарымен кездесіп үлгерді", - деп жазады басылым.
Сонымен қатар, бұл хикаяның орнына көрсетілетін телетоптама да белгілі болды. 5 тамызда "Қазақстан" телеарнасында "Жүрегім сізге аманат" филиппин драмасының премьерасы болды. Ол отбасылық оқиғаларға, отбасылық құндылықтарға мән беретін, тартымды махаббат хикаяларын жақсы көретін қазақстандық көрермендерге қызықты болмақ.
Телехикая - Филиппин еліндегі ең үздіктердің бірі. Ол 2012 жылы көрсетілген кезде оның рейтингі өте жоғары болған. Телехикаяның азиялық фестивальдер мен конкурстардан алған 10-нан аса марапаты бар. Көптеген фан-клуб құрылған. Оны осы күнге дейін Вьетнам мен Малайзия елдері көріп үлгерген.
100 сериялы "Жүрегім сізге аманат" телехикаясы - өзі стюардесса болуды армандаған, отбасына көмектескісі келген Майя есімді қарапайым қыздың өз арманына жетуі үшін үлкен қалаға кетуі жөнінде шешім қабылдағандығы туралы оқиға. Бірақ Манилаға жеткен кезде Майя шетелден жұмыс тауып беруге уәде еткен әйелдің оны алдағандығын біліп, үлкен қалада ақшасыз, баспанасыз қалады. Оның ең соңғы үміті - жағдайы жақсы және қоғамда ықпалы бар бай Ричард болады. Ричардтың үш "бұзық" баласының бақыты оның әйелінің кетуімен мәңгілікке жоғалған сияқты болып көрінеді. Ауыл қызының жақсылыққа ынтасы мен мейірбандылығы «салқын» үйге жылылық әкеліп, отбасының берекесін кіргізуге көмектеседі.
"Телехикая ілеспелі субтитрлармен орыс тілінде жүреді. Сондықтан, телеаудиторияның кең ауқымы үшін қызықты болады деген сенімдеміз. Жіберіп алмаңыздар. 5 тамыздан бастап дүйсенбіден жұмаға дейін 22.40-та "Қазақстан" телеарнасында отбасылық драмалық және таңғажайып сүйіспеншілік тарихы сөз болады", - деді телеарна баспасөз қызметіндегілер.