20 шілде 2015 08:00

"Құмырсқа адам" АҚШ прокатында көш бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Құмырсқа адам" фильмінің кадры "Құмырсқа адам" фильмінің кадры

Marvel комикстерінің осы аттас серияларының кейіпкерлерінің негізіндегі суперқаһармандар фильмі "Құмырсқа адам" ("Человек-муравей", "Ant-Man") солтүстік америкалық прокатта көш бастады, - деп хабарлайды Boxoffice.


Marvel комикстерінің осы аттас серияларының кейіпкерлерінің негізіндегі суперқаһармандар фильмі "Құмырсқа адам" ("Человек-муравей", "Ant-Man") солтүстік америкалық прокатта көш бастады, - деп хабарлайды Boxoffice.

Премьералық уик-эндте туынды 130 миллион бюджетімен 58 миллион доллар табысқа кенелді.

"Құмырсқа адам" фильмінің трейлері

Тізімнің екінші орнын "Миньондар" (Minions) анимациялық комедиясы алып отыр. Прокаттың екінші аптасы түсірушілерге АҚШ-та 50 миллион доллар табыс әкелді, ал 75 миллион долларлық бюджеті бар фильмнің әлемдегі табысы 625 миллион болды. Оның бірінші бөлімдері прокаттың 28 аптасында 1,5 миллард доллардан аса қаржы тапты. 

"Миньондар" (Minions) фильмінің трейлері

Үшінші орында "Пойыз апаты" (Trainwreck) фильмі тұр. Оның режиссері Джадда Апатоу. Туындыда басты рольдерде сценарийін де жазған Эми Шумер, Тильда Суинтон, Билл Хейдер, Бри Ларсен, Колин Куинн және Леброн Джеймс ойнайды. Фильмінің бірінші аптадағы табысы - 30 миллион доллар.

 "Пойыз апаты" (Trainwreck) фильмінің трейлері

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети