14 қазан 2016 12:10

"Құнанбай" фильмі "Күміс Ақбозат" фестивалінің бағдарламасына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zharar.com © zharar.com

Абайдың әкесінің өмірі жайлы баяндайтын "Құнанбай" тарихи фильмі "Күміс Ақбозат" ІІІ халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінің негізгі бағдарламасына кірді. Фестиваль қазанның 26-28 аралығы Уфі қаласында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абайдың әкесінің өмірі жайлы баяндайтын "Құнанбай" тарихи фильмі "Күміс Ақбозат" ІІІ халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінің негізгі бағдарламасына кірді. Фестиваль қазанның 26-28 аралығы Уфі қаласында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күміс Ақбозат" фестивалі әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттауға, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіруші кинематографистер шығармашылығын дәріптеуге, Ресей аймақтары және шетелдермен мәдени қатынасты дамыту үшін ойластырылған.

Ұйымдастырушылар атына фестивалге қатысу үшін жалпы 254 өтінім түскен. Шараның конкурстық бағдарламасына Ресей, Моңғолия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Египет, Украина, Армения, Ауғанстан сияқты елдерден 24 картина іріктеп алынды.

"Құнанабай" картинасы көпшілік көрсетілімге 2015 жылы шыққан. 2016 жылдың қыркүйегінде Липецк қаласында өткен XII Қазан халықаралық мұсылман киносы фетивалінің конкурстық бағдарламасында көрсетілді. Сонымен бірге, 30 қыркүйек күні алғашқы ұлттық "Тұлпар" кино сыйлығын ұсыну кезінде Досхан Жолжақсынов үздік ер адам рөлі жүлдесін, Төлеген Мұхаметжанов үздік композитор жүлдесін, ал Рустам Одинаев "Көркемдік қоюшының үздік жұмысы" жүлдесін иемденді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети