Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Леонардо Ди Каприо АҚШ киносыншыларының тағы бір жүлдесіне ие болды

18 Қаңтар 2016, 10:18
2

Леонардо Ди Каприо "Выживший" фильміндегі ролі үшін АҚШ киносыншыларының Critics' Choice жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Twitter желісіндегі Critics' Choice аккаунтына сілтеме жасап. Дәл осы номинацияға Крэнстон ("Трамбо"), Мэтт Деймон ("Марсианин"), Джонни Депп ("Черная месса"), Майкл Фассбендер ("Стив Джобс"), Эдди Редмейн ("Девушка из Дании") ұсынылған болатын.

Ал "Ең үздік актриса" аталымы бойынша "Комната" фильмінде ойнаған Бри Ларсон жеңімпаз атанды. Оған Кейт Бланшет ("Кэрол"), Дженнифер Лоуренс ("Джой"), Шарлотт Рамплинг ("45 лет"), Сирша Ронан ("Бруклин") және Шарлиз Терон ("Безумный Макс: Дорога Ярости") негізгі қарсылас болды.

"Безумный Макс: Дорога ярости" фильмінің режиссері Джордж Миллерді АҚШ киносыншылары үздік деп таныды. Дәл осы аталым бойынша жеңімпаз атануға Алехандро Гонсалес Иньярриту ("Выживший"), Стивен Спилберг ("Шпионский мост), Том МакКарти ("В центе внимания"), Ридли Скотт ("Марсианин") және Тодд Хейнс ("Кэрол") үміткер болды.

"Екінші пландағы үздік ер адам ролі" аталымында Сильвестр Сталлоне "Крид: наследие Рокки" картинасындағы ролі үшін жүлдеді болды, осы аталым бойынша әйелдер арасында "Девушка из Дании" фильміндегі Алисии Викандер жеңімпаз атанды. "Жыл жаңалығы" канадалық Джейкоб Тремблэ болды. Бұл актер "Комната" фильмінде ойнаған болатын.

Айта кетейік, 300 адамнан тұратын АҚШ Киносыншылары Ассоциациясының жүлдесі (BFCA) жыл сайын өткізіледі.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай