Леонардо Ди Каприо Instagram желісінде Арал теңізінің жағдайына алаңдаушылық білдірді

26 Тамыз 2015, 09:25
0
Леонардо Ди Каприо Instagram желісінде Арал теңізінің жағдайына алаңдаушылық білдірді - Леонардо Ди Каприо. © rus.delfi.lv
Леонардо Ди Каприо. © rus.delfi.lv

Әйгілі актер Леонардо Ди Каприо Instagram желісінде Арал теңізінің жағдайына алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Метафорамен сөйлейтін болсам, түйелер Арал теңізінің суының үстінде, құрғап қалған бедерден өтіп бара жатыр. Суару мақсатында суды бұру теңіздің көлемін кішірейтті, сөйтіп, бір кездері керемет шығанақ болған жерде кеме қирандыларының моласы пайда болды", - деп жазды Леонардо Ди Каприо.

Кейін ол бұрынғы кеңес республикаларындағы табиғатты ластаудың салдары жайлы, оның ішінде Чернобыль апаты туралы суреттерді  www.gerdludwig.com сайтынан көруге болатынын айтты. Суретке 40 мыңға таяу лайк қойылып, 400-ге жуық пікір жазылған. 

Айта кетейік, актердің Instagram желісіндегі ресми парақшасына жазылғандар саны миллионнан асып жығылады.

 

Суреттің авторы соңғы кезде шығармашылығымен Қазақстан жерінде айналысып жүрген фотограф - Герд Людвиг (Gerd Ludwig). Ол National Geographic телеарнасының фотографы. Осыған дейін бұл фотографтың Қазақстанда түсірген суреттері Интернетте қызу талқыға салынып жүр. Мәселен, Natgeo аккаунты осыған дейін Алматының суретін жариялаған болатын. Суретте жолаушылары көп ескі автобус пен оның кондукторы бейнеленген еді. Бір күн ішінде Instagram желісіндегі автобус суретінің астында наразы мәндегі пікірлер көптеп жазылды - 2500-ден астам пікір. Қолданушылар телеарнаның Алматының жаман жағынан көрсеткен суретін жариялағаны үшін наразы болды. Кейін Natgeo аккаунты Астананың әсем суретін жария етті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай