17 шілде 2015 20:52

Леонардо Ди Каприо түскен жаңа фильмнің алғашқы трейлері шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 20th Century Fox / YouTube кадры © 20th Century Fox / YouTube кадры

20th Century Fox студиясы "Бердмэн" режиссері әрі "Оскар"-2015 жүлдегері Алехандро Гонсалес Иньярриту түсірген "Тірі қалған" ("Выживший") вестернінің бірінші трейлері шықты. Картинада басты рольде Леонардо Ди Каприо ойнайды. Бұл туралы Variety басылымы хабарлады.

Фильм америкалық тауға өрмелеуші әрі тұңғыш жол салушы Хью Гласстың өмірбаянын көрсетеді, Ресми синопсис бойынша, саяхаттаушы Гласстың басынан өткен өте қатерлі оқиғасы мен адамның адам сенбес күшті рухы жайлы. 

Фильм трейлерінде Ди Каприо сомдаған Гласс өзінің қарсыласы әрі бұрынғы досы Джон Фицджеральдқа қарсы болады (бұл рольде Том Харди ойнайды). Сонымен бірге, роликте кейіпкердің қара аюмен арпалысатын сәті бар. 

Сценариін де Иньярриту жазған лентада Домнал Глисон және Уилл Пултер ойнайды. "Тірі қалған" фильмінің таныстырылымы 2015 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Әзірше фильмнің қазақстандық прокатқа қашан шығатыны белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети