1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Кино

Лондонда Анджелина Джолидің 20 жаста түскен суреті сатылымға шығарылды

© Кino-teatr.ru © Кino-teatr.ru

Лондондағы Zebra One Gallery галереясы Анджелина Джолидің еш жерде таралмаған суретін сатылымға шығарды. Сурет құны 2,7 мың доллар тұрады, - деп хабарлайды The Daily Mail. Бұл туралы Lenta.ru жазды.

Қара-ақ түсті суреттен Джолидің 20 жастағы бейнесін көруге болады. Олардың бірінде актриса тізесін құшақтап, екі аяғын қара лентамен байлап алған. Екінші суретте Джоли объективке қарап түскен. Басылымның мәліметінше, актрисаның макияжынан 1990-жылдардағы сәнді байқауға болады.

Фотоссесияны ұлыбританиялық Кейт Гарнер 1995 жылы жасаған. Фотографтың Бриттани Мерфи, Джессика Альба және Роуз Макгоун сияқты актрисалармен бірге жұмыс істегені белгілі болды.