1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Кино

Marvel фильмдерінде мұсылман суперқаһарман әйел пайда болады15 мамыр 2018, 09:54

Капитан Марвел туралы фильм жарыққа шыққаннан кейін Marvel киноғаламы көрермендерді комикстерінің алғашқы мұсылман сурепқаһарман әйелмен таныстырмақ, - деп хабарлайды "Союз" Marvel студиясының басшысы Кевин Файгиге сілтеме жасап. 

Файгидің сөзінше, Marvel киноғаламының командасы Мисс Марвел / Камала Ханға жоспары үлкен. 

"Бри Ларсон қатысып жатқан "Капитан Марвел" түсірілімі дәл қазір жүріп жатыр. Мисс Марвел - комикстің тағы бір кейіпкері - Капитан Марвелден шабыт алған мұсылман әйел. Оған қатысты жоспарымыз бар, бірақ, Капитан Марвелды жарыққа шығарғаннан кейін", - деп мәлімдеді ол. 

"Кек алушылар: Шексіз соғыс" фильмі 3 мамырда көрсетіле бастады және Marvel кинематографиялық ғаламының 19-шы картинасы болды. 

Жақында америкалық актриса Гвинет Пэлтроу (Пеппер Потс) "Кек алушылардың" франшизасы "Шексіз соғыстың" жалғасы қандай болатынын айтқан еді.